
Жалағаш кентінде жеке тұрғын үйден өрт шығу салдарынан баспанасыз қалған отбасының жағдайымен Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов арнайы барып танысты.
Кездесу барысында отбасының қазіргі әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы, келтірілген шығын көлемі назарға алынды.
Қиын жағдайда қалған отбасыға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1154558?lang=kk

Жауап қалдыру