
Аққулы ауданы білім бөлімінің білім сапасын арттыруға бағытталған «Mentorline» аудандық желілік қоғамдастығының жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында, сондай-ақ «BilimNet» желілік қоғамдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Тлектес орта жалпы білім беретін мектебінің базасында практикалық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – қалыптастырушы бағалаудың білім сапасын арттырудағы тиімділігін көрсету және педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
Семинарға «BilimNet» желілік қоғамдастығына кіретін мектептердің педагогтері қатысты: Аққулы ЖОББМ, Шарбақты ЖОББМ, С. Сатыбалдин атындағы ЖОББМ, Потанин және Тлектес ЖОББМ.
Іс-шара барысында педагогтер 7–9-сыныптарда кіріктірілген дуэт-сабақтар өткізді. Пәнаралық байланысқа негізделген сабақтарда білім сапасын арттыруға бағытталған қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістері қолданылып, белсенді білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етті. Нәтижесінде білім алушылардың танымдық белсенділігі жоғары деңгейде екені атап өтілді.
Практикалық бөлімде білім сапасын арттыруға бағытталған коучингтер мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру, сондай-ақ офлайн және онлайн оқытуда білім беру платформаларын тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасып, пәнаралық байланыстың және бағалаудың тиімді әдістерінің білім сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай кәсіби қоғамдастықтар білім сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1154683?lang=kk

Жауап қалдыру