
Оңтүстік астанадағы Азаматтық қорғау саласында халықты оқыту және даярлау орталығында біліктілікті арттыру бойынша кезекті жоспарлы курстар өтті.
Сабақтарға азаматтық қорғаныс пен халықты қорғау мәселелері қызметтік міндеттеріне кіретін ұйымдар, кәсіпорындар және білім беру мекемелерінің мамандары қатысты.
Оқыту барысында тыңдаушылар азаматтық қорғаудың негіздері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар, азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жер сілкінісі кезінде, оған дейін және одан кейінгі әрекеттердің алгоритмдері бойынша теориялық және практикалық білім алды. Төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен пайда болуы кезінде дұрыс әрекет етуге ерекше назар аударылды.
Курстардың қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіби дайындық деңгейін арттырды, бұл оларға жүктелген міндеттерді неғұрлым тиімді орындауға және қарамағындағы объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1154679?lang=kk

Жауап қалдыру