«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 03 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен, облыстың заң қауымдастығымен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығында «Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті заңгерлерден кеңес алып, нақты әрі түсінікті құқықтық ақпаратқа қол жеткізді.
Іс-шараның мақсаты — азаматтардың құқықтық ақпараттандырылуын арттыру және халыққа білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Акцияның соңында қала тұрғындары, кеңес алғандар, оның қала үшін маңыздылығын атап өтіп, мамандарға қолжетімді түсіндірмелері үшін алғыс білдіріп, болашақта осындай бастамалардың жалғасатынына үміт артты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1154830?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді