Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтуге байланысты Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы арнайы жасалған жоспар негізінде 2026 жылғы 3 ақпан күні аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Анесова Армангүл Шынтайқызы мен Жас сайлаушылар клубының төрағасы Батуов Нұртілек Нұрбекұлымен бірлесіп Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінің студенттерімен «Сен сайлау құқығыңды білесің бе?» тақырыбында кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтуге байланысты Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы арнайы жасалған жоспар негізінде 2026 жылғы 3 ақпан күні аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Анесова Армангүл Шынтайқызы мен Жас сайлаушылар клубының төрағасы Батуов Нұртілек Нұрбекұлымен бірлесіп Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінің студенттерімен «Сен сайлау құқығыңды білесің бе?» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу кезінде студенттерге “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының заңынан түсініктемелер беріліп, сайлау ережелерімен таныстырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай түсіндіріліп жауап берілді. Кездесу барысында колледж білім алушылары сайлауға қатысу-еліміздің әрбір азаматының борышы деген қорытындыға келді.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kurmangazy/press/news/details/1154829?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді