АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың “Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы” Жарлығына сәйкес, барлық дейгейдегі әкімдердің 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес, бүгін аудан әкімі С.Мамытовтің Қамқалы ауылдық округіне қарасты Жайлаукөл ауылында халықпен есеп беру жиыны өтті.

🔰Жиынға аудандық билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев, аудандық құқық қорғау органдары саласының өкілдері, аудан әкімдігінің салалық мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

🔰Жайлаукөл ауылында өткен есепті
кездесуде Сәкен Үмбетұлы 2025 жылы ауданда атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар, жыл басында кездесуде көтерілген мәселелердің шешілу барысы туралы айтылды.

🔰Кездесуден соң аудан басшысы тұрғындардың тілегін тыңдап, оң шешімін табуына ықпал ететінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1155033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді