
🔰Бүгін Қамқалы ауылдық округіне қарасты Жайлаукөл ауылында аудан әкімі Сәкен Мамытов ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Күн тәртібінде “Аудан әкімінің атқарған жұмыстары, алдағы жоспарлары туралы” және “Қазақстан Республикасының жаңа конституция жобасын түсіндіру туралы” мәселелер қаралды. Аудан басшысының есебінен соң аудан әкімі аппаратының басшысы Құдайберген Рысдәулет жаңа реформаның бөлімдерін таныстырып, жан – жақты баяндады.
🔰Кездесу барысында елімізде қабылданып жатқан жаңа өзгерістер дамудың жаңа бағытын айқындайтынын сондай-ақ, құқықтық реформаны қабылдау арқылы мықты заңдық жүйені қалыптастыруға болатыны аталып өтті. Өз кезегінде ауыл тұрғындары саяси науқанға белсене атсалысатындарын жеткізіп, ұсыныс- пікірлерін ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1155046?lang=kk

Жауап қалдыру