Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға ақша салып, 5 миллион теңгесінен айырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында жалған инвестициялық платформаларға ақша қаражатын салу алаяқтық фактісі бойынша кезекті қылмыстық іс тергелуде. Жәбірленуші Шортанды ауданының 60 жастағы тұрғыны болып шықты, ол бірнеше ай ішінде алаяқтарға 4,6 миллион теңгеден астам ақша аударған.
Әйел TikTok әлеуметтік желісінде байлыққа жылдам кенелу мүмкіндігі туралы қызықты жарнаманы көрді. Қаскөйлердің сөздері бойынша, оңай табыс инвестицияларды, акцияларды сатып алуды және тез өсіп келе жатқан дивидендтерді алуды көздеді.
Ақмола тұрғыны жалған платформада тіркеліп, сол күні 1 333 000 теңге сомасына алғашқы несиені ресімдеді. “Қаржылық кеңесшінің” нұсқауы бойынша ол бүкіл соманы бірнеше транзакциялармен үшінші тұлғалардың шоттарына аударған.
Одан кейін әйел тағы төрт несие мен бөліп төлеулерді ресімдеумен қатар ұлын алаяқтық схемаға тартқан. Сайттан пайыздарды алу үшін ұлынан тексеру процедурасынан өтуін сұрады. Анасының өтінішін жерге тастамаған ұлы қажетті әрекеттерді орындады. Кейінірек оның атына белгісіз адамдар үлкен несие алғаны белгілі болды.
Нәтижесінде жалпы шығын 4,6 миллион теңгеден асты.
Полицейлер азаматтарды қырағы болуға және әлеуметтік желілерде “жылдам және кепілдендірілген табыс” туралы жарнамаға сенбеуге шақырады. Нақты инвестициялық компаниялар кредиттерді ресімдеуді, ақша қаражатын Үшінші тұлғалардың шоттарына аударуды және туыстарының қатысуымен “верификациядан” өтуді талап етпейді.
Күдікті ұсыныстар түскен жағдайда сөйлесуді дереу тоқтатып, құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1155051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді