ХРОМТАУ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы Хромтау ауданында автомобиль жолдары мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Аудан аумағында жол желісін жаңғырту, ауылішілік көшелерді жөндеу, көпір құрылысы және сумен жабдықтау нысандарын іске қосу бойынша нақты жобалар жүзеге асырылды.

Аудан бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 253,3 шақырымды құрайды, оның 162,3 шақырымы асфальт жабындысымен қамтылған. Ауылішілік автомобиль жолдарының ұзындығы – 131,1 шақырым.

2025 жылы жол қозғалысына қатысты барлығы 27 жоба іске асырылды. Оның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 7 жоба, қалаішілік автомобиль жолдары бойынша 7 жоба, ауылішілік жолдар бойынша 12 жоба және 1 көпір құрылысы бар. Жыл қорытындысы бойынша 16 нысан толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы аудан аумағында жалпы 85 шақырым автомобиль жолына асфальт жабындысы төселді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есеге жоғары. Жол жөндеу және құрылыс жұмыстары Самара–Шымкент–Құдықсай–Қопа бағытындағы аудандық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ Аққұдық, Қызылсу, Сарысай, Қопа, Бөгетсай, Көктау, Құдықсай, Никельтау, Ақжар, Дөң және өзге де ауылдық елді мекендерде жүргізілді.

Қалаішілік жол инфрақұрылымын дамыту аясында Хромтау қаласының №22 тұрғын орамында кварталішілік автомобиль жолдарының құрылысы жалғасуда, сондай-ақ бірқатар көшелерде жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Ауылдық елді мекендерде ауылішілік көшелерді орташа жөндеу және жаңа жолдар салу жобалары жүзеге асырылды. Қопа, Бөгетсай, Сарысай, Қызылсу, Көктау, Құдықсай, Абай, Ақжар, Дөң және Никельтау ауылдарында жол нысандары пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Хромтау ауданының Бөгетсай кентінде ұзындығы 200 метр болатын көпір өткелі салынды. Нысан толық аяқталып, қолданысқа берілді.

Инженерлік инфрақұрылым бағытында Табантал, Құдықсай және Көктау ауылдарында су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Аталған жобалар аясында су сақтау резервуарлары, су мұнаралары және ілеспе инженерлік желілер пайдалануға берілді.

2026 жылы қалаішілік және ауылішілік автомобиль жолдарын жөндеу, аудандық маңызы бар жолдарды жаңғырту, Табантал және Ақжар ауылдарындағы көпірлерді қайта салу, индустриалдық аймаққа апаратын автомобиль жолдарын салу, сондай-ақ Аққұдық, Майтөбе, Көктау, Ақжар және Никельтау ауылдарында жол және су құбыры инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1155095?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді