Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға барлығы 2 аудан тұрғыны жазылып, әрқайсысының көтерген мәселесі мұқият қаралып, назарға алынды.

Кездесу барысында Көкжайық ауылының Достық көшесіндегі электр жарығының мәселесі, тұрғын үй мәселесі, сондай-ақ жас мамандарға берілетін көтерме жәрдемақы мәселелері талқыланды. Аудан әкімі әрбір көтерілген бағыт бойынша тиісті бөлім басшыларына қолданыстағы заңнама аясында нақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Халықпен ашық, тиімді әрі жүйелі диалог орнату – біздің жұмысымыздың басты ұстанымы.
Тұрғындардың әрбір ұсынысы мен өтініші – ауданымыздың дамуына серпін беретін маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1155181?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді