Ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы пресс-релиз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне ағымдағы жылдың 24 наурызы күні Қарағанды қаласының үш шағын ауданында («Жастар» МҮ – Пришахтинск, «Умай» СҮ – Майқұдық, «Global Cuty» ТЛК – Оңтүстік-Шығыс) 5 ауданның (Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандары), сондай-ақ облыс қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкелерде облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 64 тоннаға жуық ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті) және ет өнімдері, 175 мың дана жұмыртқа, 15 тоннадан астам сүт өнімдері және өзге де өнімдерді орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен қала тұрғындарына ұсынды.

Келесі шағын жәрмеңке аталған жерлерде (“Жастар” МҮ – Пришахтинск, “Умай” СҮ-Майқұдық, “Global Cuty”ТЛК-Югов-Шығыс) 2025 жылғы 29 наурызда өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-agro/press/news/details/963399?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді