Еңбек мемлекеттік инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Мәди Әлжан Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасы мен Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданы әкімдігі ұйымдастырған «TPA Sary Arka» ЖШС еңбек ұжымымен өткен кездесуге қатысты.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының нормалары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету талаптары және өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек құқықтары мен еңбекті қорғау нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1155852?lang=kk

Жауап қалдыру