
2025 жылдың 26 наурызында аудан әкімі белсенді және шығармашыл жастармен, сондай-ақ еріктілермен кездесу өткізді. Жастар саясаты туралы Жастар ресурстық орталығының директоры Белескаева Анжелика баяндама жасады. Іс-шара барысында жастар өз қызметі мен бастамаларының әртүрлі аспектілеріне қатысты көптеген өзекті сұрақтар қойды.
Қатысушылардың қызығушылығын тудырған медитация және арт–фото сабақтары сияқты қызықты жобалар ұсынылды. Іс-шара соңында аудан әкімі еріктілерге белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіріп, грамоталар мен ресми куәліктерді салтанатты түрде табыс етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl/press/news/details/963575?lang=kk

Жауап қалдыру