Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпыс бірінші сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпыс бірінші сессиясы өтті

            2026 жылғы 6 ақпанда сағат 11:30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезектен тыс, алпыс бірінші сессиясы өтті.

            Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізілді:

            1) Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылы 26 желтоқсандағы №59-2 «2026-2028 жылдарға арналған Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

            2) «Жуалы ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №59-4 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы.

            Кезектен тыс, сессия отырысына аудан әкімі Ж.Мұртаза және тиісті бөлім басшысы қатысты.

            Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhualy/press/news/details/1156365?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді