
Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобланбек Кожин Жетекші ауылында болып, жергілікті тұрғындармен және ақсақалдармен кездесті.
⠀Кездесуде еліміздің Ата Заңына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Біздің қоғамымыздың жетілгендігіне басты назар аударылды.
⠀Бүгінде Конституция халық мүддесін басты орынға қойған, орныққан мемлекеттің бейнесін айқындайды.
⠀«Халық – биліктің қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар Егемендіктің жалғыз иесі болып табылады», – деп атап өтті Қ. Кожин. Бұл норма қазір Конституцияда анық көрсетілген.
⠀Диалог тиімді әрі нәтижелі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1156455?lang=kk

Жауап қалдыру