
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен 2024 жылы Ақтау қаласында 20 аялдама орнатылды.
Аталған аялдамаларды орнатқан “Алаш Конатракшн” ЖШС. Қазіргі күні аялдамалар аумағындағы жол (қалташа)қар және жауын-шашын салдарынан сапасы сын көтермейді. Енді мердігер мекеме сәуір айына дейін өз қаражаты есебінен қайта қалпына келтіреді.
«Қалташалардағы шұңқырлар асфальттың сапасыздығынан және жауын шашын, қардың себебінен болып отыр. Мердігер мекеме тарапынан аталған ақаулар алдағы уақытта қалпына келтіретін болады», – деді мердігер мекеме өкілі Айсұлтан Сәрсенғалиев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/963750?lang=kk

Жауап қалдыру