Жаңа бас құжат жобасын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы ақпараттық топ мүшелері Жайылма ауылдық округінде жиын өткізді.
Жиналыста Қазақстан Республикасының Конституциясының жобасы талқыланды.
Өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Ата Заңына өзгерістер енгізу қажеттігін атап өткен болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының 20-сы күні Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында осыған орай нақты тапсырмалар берген болатын..

Жиында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов жан-жақты түсіндіріп өтті.
– Біз бүгінде тарихи маңызы зор кезеңнің куәсі болып отырмыз. Бұл – тарих алдындағы ортақ жауапкершілік. Сондықтан, алдағы уақытта Қазақстан халқы «Бір ел – бір мүдде – бір ұлт» қағидаты аясында бірлесіп ауқымды жұмыстар атқаруы қажет.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақ мемлекеттігін нығайту, тәуелсіздікті сақтау – жаңадан құрылатын Қазақстан Халық кеңесінің алдына стратегиялық міндет ретінде қойылды.
Бұл бастама – қоғам сұранысына сай заманауи талаптарға жауап беретін, әділетті әрі құқықтық мемлекетті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Конституция – елдің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуының берік іргетасы. Сондықтан оған енгізілген әрбір өзгеріс терең ойластырылып, жан-жақты талқыланып, халыққа толық әрі түсінікті жеткізілуі тиіс.
Біз бүгін осы мақсатта бас қосып отырмыз, – деді .
Одан кейін Тараз қаласы білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының директоры Рахия Есеева

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ел дамуының жаңа конституциялық үлгісін ұсынды.
Парламентке – Құрылтай атауын беру туралы бастама – бұл біздің ұлттық болмысымыз бен ата-бабамыздан қалған дәстүрлерімізді төрге шығарудың белгісі. Бұл қадам билік пен халықтың арасындағы сенімді нығайтып, Заң шығарушы құрылымның жауапкершілігін арттыратыны ақиқат, – деді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhayilma/press/news/details/1156723?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді