
2026 жылғы 6 ақпанда Департамент тарапынан медициналық ұйымдармен онлайн-кеңес өткізілді.
Кеңеске фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі бөлім басшысы және бас маман қатысты.
Кеңес 2025 жылға этил спиртін нақты алу және пайдалану нәтижелерін талдау қорытындылары негізінде өткізілді.
Кеңес барысында Департамент тарапынан медициналық ұйымдармен этил спиртін жоспарлау, сақтау және өткізу (жөнелту, қабылдау) мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 2025 жылға жүргізілген талдау нәтижелері қаралды, 2026 жылға арналған түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы және есептілікті уақтылы әрі шынайы ұсынуы қажеттігіне назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1156802?lang=kk

Жауап қалдыру