|
Лот № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы |
Көлемі, га |
Жалға беру мерзімі жыл |
Жер телімінің орналасқан жері |
||||
|
Барлығы |
Жайылым |
Түбегейлі жақсартылған жайылым |
Егістік/суармалы емес егістік |
Басқа алқаптар |
||||
|
1 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-10 |
609,2 |
609,2 |
|
|
|
20 |
Аксан ауылдық округінің аумағы -45 км |
|
2 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-10 |
902,2 |
878,1 |
|
|
24,1 |
20 |
Аксан ауылдық округінің аумағы -45 км |
|
3 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-10 |
756,5 |
752,8 |
|
|
3,7 |
20 |
Аксан ауылдық округінің аумағы -60 км |
|
4 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-8,0 |
1300 |
1300 |
|
|
|
20 |
Бірлік ауылдық округінің аумағы -35 км |
|
5 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-8,0 |
1050,5238 |
1045,0 |
|
|
5,5238 |
20 |
Бірлік ауылдық округінің аумағы -34 км |
|
6 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-8,0 |
1524,5 |
1500 |
|
|
24,5 |
20 |
Бірлік ауылдық округінің аумағы -6 км |
|
7 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-8,0 |
2011,6 |
2000 |
|
|
11,6 |
20 |
Бірлік ауылдық округінің аумағы -15 км |
|
8 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-8,0 |
713,6 |
710 |
|
|
3,6 |
20 |
Бірлік ауылдық округінің аумағы -17 км |
|
9 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-11 |
1018,3299 |
1012,5299 |
|
|
5,8 |
20 |
Жаңажол ауылдық округінің аумағы -7 км |
|
10 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-10 |
369,3 |
368,6 |
|
|
0,7 |
20 |
Жаңатілек ауылдық округінің аумағы -9 км |
|
11 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-12 |
1179,6 |
1177 |
|
|
2,6 |
20 |
Күркелі ауылдық округінің аумағы -12 км |
|
12 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-12 |
1670,08 |
1646,28 |
|
|
23,8 |
20 |
Қаратомар ауылдық округінің аумағы -13 км |
|
13 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-15 |
267,3 |
33,9 |
|
232,4 |
1 |
20 |
Қаратомар ауылдық округінің аумағы -16 км |
|
14 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-8,0 |
701,9343 |
700 |
|
|
1,9343 |
20 |
Қызылтау ауылдық округінің аумағы -26 км |
|
15 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-10 |
94,62 |
94,42 |
|
|
0,2 |
20 |
Құндыкөл ауылдық округінің аумағы -11 км |
|
16 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-9,0 |
928,3 |
891,1 |
|
|
37,2 |
20 |
Майқаың кентінің аумағы–18 км |
|
17 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-9,0 |
1092,1 |
1078,4 |
|
|
13,7 |
20 |
Майқаың кентінің аумағы–18 км |
|
18 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-10 |
930,6 |
926,6 |
|
|
4 |
20 |
Торайғыр ауылдық округінің аумағы– 45 км |
|
19 |
Қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-12,0 |
2011,5 |
1572,1 |
430 |
|
9,4 |
20 |
Ұзынбұлақ ауылдық округінің аумағы–22 км |
|
20 |
Барлығы |
19131,781 |
18296,0299 |
430 |
232,4 |
173,3581 |
|
|
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурсты өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң (05.02-06.03.2026 ж) -конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде (10.03-02.04.2026ж) мына мекенжай бойынша: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, 49 үй, (тел: 8-718-40-9-28-91) жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе “Ақпараттандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
- Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.
- Аквашаруашылықты жүргізу үшін жер учаскесін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.
12-1. Аквашаруашылықты жүргізу үшін конкурстық ұсыныста (бұдан әрі – конкурстық ұсыныс):
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемі, тиісті инфрақұрылымның және аквашаруашылықты жүргізуге арналған жабдықтардың, аквашаруашылық саласындағы білікті мамандардың біліктілігі, ашылатын жұмыс орындарының санының болуы);
2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының және Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамысының талаптарын орындау бойынша міндеттемелер қамтылады.
12-2. Өтінім беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
- Конкурстық ұсынысты, “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
- Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
- Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде “шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс” және ” жылғы __________”_____ ” дейін ашуға болмайды” (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
- Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2026 жылғы 03 сәуірде сағат 10:30-да мынамекен-жайда ашылады: Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі 45 үйдің мәжіліс залында.
22-1.Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1156850?lang=kk

Жауап қалдыру