ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Маңғыстау облысының делегациясы Түркістан қаласына ресми іссапармен келді. Делегация құрамында Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Жаңайұлы Байпақов, Маңғыстау облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев және облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Біржан Маратұлы болды.
Іссапар аясында делегация мүшелерін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қабылдап, мәртебелі қонақтарды күллі түркі жұртының рухани астанасы саналатын қасиетті Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму барысы, алдағы жоспарлары мен басым бағыттарын таныстырды.
Кездесу барысында тараптар туризмді дамыту, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарында бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендерін жеткізді.
Сондай-ақ, сапар барысында Маңғыстау облысының делегациясы Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы 1310 бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Қонақтарға орталықтың коммуналдық, әлеуметтік және туристік бағыттар бойынша қала аумағындағы 6 сектордың қызметін үйлестіруі, тұрғындардан келіп түскен өтініштердің орындалуын бақылау тетіктері кеңінен таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1157016?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді