Ақабаның индустриялық аймақтары: қазақстандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Амман, 2026 жылғы 8 ақпан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай PBI Aqaba Industrial Estate LLP компаниясының Бас атқарушы директоры Әдел И Ян ханыммен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы үрдістері мен перспективалары талқыланды. Тараптар арнайы (еркін) экономикалық аймақтар мен индустриялық парктер саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері, сондай-ақ қазақстандық бизнестің қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.

Елші иордандық әріптестермен практикалық ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық компаниялардың Таяу Шығыс пен шектес өңірлердің нарықтарына шығуы үшін Ақабаның индустриялық аймақтарының әлеуетін пайдалануға мүдделілігін атап өтті.

PBI Aqaba Industrial Estate өкілдері компанияның қызметі, инвесторларды сүйемелдеу тәсілдері және Орталық Азия компанияларымен өзара іс-қимылды дамытуға дайындығы туралы хабардар етті.

Бизнес өкілдерінің танысу сапарлары мен кездесулерін ұйымдастырумен қатар іскерлік байланыстарды дәйекті түрде арттыру мәселелеріне және әрі қарай өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық және өнеркәсіптік салалардағы екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамытуға бағытталған тұрақты байланыстар мен тығыз өзара іс-қимылды қолдауға дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1157076?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді