Департамент бастығы жас офицерлерге алғашқы арнаулы атақтарын табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаментінде жас қызметкерлерге алғашқы офицерлік шендері табысталды.
Полицияға қабылданған жас мамандарға арнаулы атақтарды департамент бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев табыстады.
Салтанатты шара барысында департамент бастығы жас офицерлерді құттықтап, бұл күн олардың еңбек жолындағы маңызды кезең екенін атап өтті.
– Офицерлік шен, бұл – халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Сіздерге заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Анттарыңызға адал болып, кәсіби біліктіліктеріңізді үнемі жетілдіріп, ел тыныштығы үшін аянбай қызмет етеді деп сенемін, – деді полиция генерал-майоры Оңал Бекеев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1157148?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді