Астаналық спортшылар Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қытайда жабық ғимаратта өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында астаналық спортшылар бірнеше медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Қазақстан ұлттық құрамасы 3:38.02 уақыт көрсетіп, Қытай командасын артта қалдырып, алтын медаль жеңіп алды. Осы жарыста ел намысын Астана спортшысы Кристина Кондрашова қорғады.

Ал ерлер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада қазақстандық төрттік қола жүлдегер атанды. Құрама сапында елордалық Мәди Төкенов болды. Команда 3:12.23 нәтижемен үшінші орынға тұрақтады. Бұл сайыста барлығы алты команда бақ сынады.

Айта кетейік, құрлықтық біріншілікке Азияның 35 елінен 400-ге жуық спортшы қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1157484?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді