Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің алаңында Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығының, ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының өкілдерімен және теміржол тасымалы саласындағы көлік компанияларының өкілдерімен кездесу өтті.
Қатысушылар инвесторлардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін және теміржол саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Комитет қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және инвесторлардың заңды мүдделерін қорғау үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1157544?lang=kk

Жауап қалдыру