Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясын шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік  басқару және  өзін – өзі  басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және 19-бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:

Әйтеке  би аудандық  мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы 2026 жылдың  ақпан айының 10-на сағат 15:00 шақырылсын.

Сессияның  күн  тәртібіне мынадай  мәселелер  енгізілсін:

1. Аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 444 «2026- 2028 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – А.Шуиншина.

2. Әйтеке би ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің  лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.

Баяндамашы: Аудан әкімінің аппарат басшысы – Е.Күнтазин.

3. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №146 «Әйтеке би ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Басқа да мәселелер.

         

 Әйтеке би аудандық                                                                                                                   мәслихатының төрағасы:                                                       Б.Д. Сейлханов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aytekebi/press/news/details/1157585?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді