«Тиімді әдіс-тәсілдер –білім сапасын арттырудың басты кепілі» облыстық офлайн-семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 27 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы көктемгі каникулдық мектеп аясында  еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы директорлардың оқу ісі  жөніндегі орынбасарларына арналған «Тиімді әдіс-тәсілдер – білім сапасын арттырудың басты кепілі» тақырыбында  офлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқыту сапасын жақсарту. Пікір және тәжірибелермен алмасу арқылы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, кәсіби құзіреттілігін дамыту.

Семинар барысында ШҚО дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі КММ, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты» КММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ және ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ-лерінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері өз  тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді