Абай облысы студенттері республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында бақ сынамақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «WorldSkills Kazakhstan – 2024» IX республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу рәсімі Экспо көрме залында өтті. Жарысқа 22 жасқа дейінгі 555 студент қатысады.
Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы кәсібінің беделін арттыру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту.
Бес күндік сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас мамандар 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Абай облысынан сегіз колледжден 32 студент пен 30 сарапшы аттанды.
Айта кетейік, «WorldSkills Kazakhstan-2023» VIII республикалық чемпионатында Абай облысының командасы командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль, 12 медальон жеңіп алып, көш бастаған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/883605


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді