Грек-рим күресі: Қазақстан командасы Хорватиядағы рейтингтік турнирді 3-орында аяқтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен 2026 жылдың алғашқы рейтингтік жарысы – Zagreb Open мәресіне жетті.

Бозкілем бәсекесін осы жолы грек-рим күресінің шеберлері тамамдады. Қонысбек Төкенов бастаған Қазақстан құрамасы бәсекеде 1 күміс, 5 қола жүлдемен жалпы есепте 3-орын алды.

Назарыңызға біздің жүлдегерлерді ұсынамыз:
🥈Ислам Евлоев (-97 кг)
🥉Ербол Камалиев (-60 кг)
🥉Аманғали Бекболатов (-60 кг)
🥉Алматбек Аманбек (-72 кг)
🥉Ибрагим Магомадов (-82 кг)
🥉Олжас Сырлыбай (130 кг)

Грек-рим күресінен жалпыкомандалық есеп:
1. Иран құрамасы
2. Өзбекстан құрамасы
3. Қазақстан құрамасы

Айта кетейік, келесі рейтингтік турнирді Азия құрлығының атынан Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қабылдайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1157872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді