2026 жылдың 09 ақпанында Ақтөбе облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының және жеке сот орындаушылары өңірлік палата өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясының жобасы талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Zoom-конференциясы барысында қазіргі заманғы жағдайларды, қоғамның өзекті сұраныстарын және мемлекеттің стратегиялық міндеттерін ескере отырып әзірленген негізгі өзгерістер жан-жақты қарастырылды.

   Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылып отырған Конституцияның жаңа редакциясы қоғам мен мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттеріне толықтай сай келетініне, сондай-ақ қоғамдық-саяси институттарды түсінудің заманауи тұжырымдамалық тәсілдерін және олардың одан әрі даму перспективаларын қамтитынына қатысты ортақ пікірге келді.

 

Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akt/press/news/details/1157929?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді