Қала тұрғыны жәбірленушінің онымен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, алты ай бойы оны жүйелі түрде аңдыған.
Байланысты тоқтату туралы талаптарды, мессенджерлердегі бұғаттауды, сондай-ақ қолданыстағы қорғау нұсқамасын елемей, ер адам жәбірленушінің тұрғылықты және жұмыс орны бойынша оны қудалау арқылы, оның келісімінсіз бейнежазбаға түсіріп, психологиялық қысым көрсеткен.
Сотта мемлекеттік айыптаушы жәбірленушінің жеке бас бостандығына, қауіпсіздігіне және жеке өмірінің қол сұғылмаушылығына құқықтарының бұзылуынан әкеп соққан сотталушының кінәсін дәлелдейтін толық әрі жан-жақты айғақтар ұсынды.
Сот үкімімен ол сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылып, моральдық зиянды өтеу міндеттелді.
Аталған тұлғаның бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп, оның шарттарын бұзғанын ескере отырып, өтелмеген жаза бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура заңсыз қудалау үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгеніне назар аударады.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1157939?lang=kk

Жауап қалдыру