Қызылордада комплаенс офицерлерге семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қызылорда облысы әкімдігінің алаңында «Корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс. ISО 37001:2017 Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» халықаралық стандартын енгізу мәселесі» тақырыбында семинар өткізілді.

  Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы О.Мырзағалиев, Қызылорда облысының  әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Б.Жанәлі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалының директоры А. Мадалиева, жергілікті атқарушы органдар мен оларға қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-офицерлері, сонымен қатар қала және аудан әкімдіктері (онлайн режимде) қатысты.

  Өз кезегінде, О.Мырзағалиев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мен оның алдын алу шараларын жүргізуде квазимемлекеттік және жеке секторлардың атқаратын рөлінің маңыздылығына тоқталып,  комплаенс-офицерлердің жұмысын үйлестіру мен одан әрі жетілдіру жолында департамент тарапынан тұрақты түрде әдістемелік көмек көрсетілетінін  жеткізді.

  А.Мадалиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметін жүзеге асырудың тиімді жолдарына тоқтала отыра, ISО 37001  Халықаралық стандартына  егжей-тегжейлі шолу жасап, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте атқаратын рөліне тоқталды.

  Шара қорытындысымен жергілікті атқарушы органға квазимемлекеттік ұйымдарда комплаенс-қызметіне дербес штат бөлу және ұйымда ISO 37001 халықаралық стандартын енгізу мәселесін қарастыру ұсынылды.

  Айта кетейік, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 12-тармағына сәйкес, квазимемлекеттік және жеке секторлар қызметіне ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартын ерікті түрде енгізу көзделген.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/964109?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді