
4 наурыз күні әйелдер командалары арасында волейболдан турнир өтті. Жарысқа 4 команда қатысты: білім беру бөлімінің өкілдері, ООРММИК, «Батыр» БЖСМ және әкімдік командасы. Әр команда жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті! Турнир қорытындысы:
I орын — Әкімдік командасы
II орын — Білім беру бөлімі
III орын — «Батыр» БЖСМ
IV орын — ООРММИК құрама командасы Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар медальдармен, дипломдармен марапатталып, тәтті сыйлықтар мен көктемнің символы – нәзік қызғалдақтарға ие болды. Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/964138?lang=kk

Жауап қалдыру