
Қытайлық «SOHO» холдингтік тобының өкілдерімен перспективалы инвестициялық жобаның негізгі бағыттарын талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында «SOHO» инвестициялық холдингінің жобасы ұсынылды. Жобаның мақсаты – қаржылық-іскерлік, конгресстік және бизнес инфрақұрылымды біріктіретін көпбейінді орталық құру. Аталған жобаны іске асыру Астана қаласының қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға бағытталған алдағы қадамдар мен нақты міндеттерді айқындады.
https://www.instagram.com/p/DUird2FCDnu/?hl=ru

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1158318?lang=kk

Жауап қалдыру