ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

▪️Түркістан қаласындағы «Olympic Center» заманауи спорт кешенінде таеквондодан (WT) жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар қатысқан дода тартысқа толы жекпе-жектермен ерекшеленді.

▪️Жарыс қорытындысында Түркістан облысының жас таеквондошылары өңір намысын абыроймен қорғап, жалпы есепте 5 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

🥇 Алтын жүлде иегерлері:
Акрамова Шахризада – 42 кг
Өтеген Балгерім – 68 кг
Сұлу Абибулла – 46 кг
Ғазиз Бекзат – 78 кг
Аманай Құралбаев – +78 кг

🥈 Күміс жүлде иегерлері:
Төлепбергенов Нұрислам – 45 кг
Нәлібай Жаншуақ – 59 кг
Құттыбай Нұрсәт – 68 кг
Бекбау Маханбетәлі – 78 кг

🥉 Қола жүлде иегерлері:
Сейдазова Нұрай – 44 кг
Жанболат Бегжан – 45 кг

▪️Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 709 жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

▪️Айта кетейік, чемпионатта жеңімпаз атанған спортшылар сәуір айында Ташкент қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__

ТУРКЕСТАНСКИЕ ТХЭКВОНДИСТЫ ЗАВОЕВАЛИ 11 МЕДАЛЕЙ НА ЧЕМПИОНАТЕ СТРАНЫ

▪️ В спортивном комплексе Olympic Center города Туркестана завершился чемпионат Республики Казахстан по тхэквондо (WT) среди молодежи. В соревнованиях приняли участие лучшие спортсмены со всех уголков страны, продемонстрировав высокий уровень мастерства в напряженных поединках.

▪️ По итогам состязаний юные тхэквондисты Туркестанской области достойно защитили честь региона, завоевав в общей сложности пять золотых, четыре серебряные и две бронзовые медали.

🥇 Обладатели золотых медалей:
Шахризада Акрамова – 42 кг
Балгерим Отеген – 68 кг
Сулу Абибулла – 46 кг
Бекзат Газиз – 78 кг
Аманай Куралбаев – +78 кг

🥈 Обладатели серебряных медалей:
Нурислам Толепбергенов – 45 кг
Жаншуак Налибай – 59 кг
Нурсат Куттыбай – 68 кг
Маханбетали Бекбау – 78 кг

🥉 Обладатели бронзовых медалей:
Нурай Сейдазова – 44 кг
Бегжан Жанболат – 45 кг

▪️ В первенстве страны приняли участие 709 юных спортсменов из Астаны, Алматы, Шымкента и 17 областей Казахстана.

▪️ Победители чемпионата представят национальную сборную Казахстана на молодежном чемпионате мира, который пройдет в апреле в городе Ташкенте.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1158407?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді