Қауіпсіздік – ақпараттан басталады: Сарқан қаласында алаяқтықтың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарқан қаласында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында жүйелі профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Ерекше назар банктер мен қаржы ұйымдарының маңында азаматтарды ақпараттандыруға аударылуда. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемденуге бағытталған жаңа айла-тәсілдерді жиі қолдануда.

Профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру әңгімелерін жүргізіп, алаяқтықтың ең көп таралған түрлері туралы айтып, пайдалы кеңестер қамтылған арнайы профилактикалық брошюралар таратуда. Сонымен қатар, азаматтарға қырағы болу, жеке деректер мен банк реквизиттерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертіледі.

«Бүгінгі профилактика – ертеңгі қауіпсіздік. Азаматтар алаяқтық тәсілдері туралы неғұрлым көп хабардар болса, қылмыскерлердің өз арам ниеттерін жүзеге асыруы соғұрлым қиындайды», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыс жалғасуда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып қала береді.

#законипорядок #заңментәртіп #профилактика

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1158377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді