
Ағымдағы жылдың 5 наурызында Степногорск қаласының Достық және шығармашылық үйінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Жиында Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы құттықтау сөз сөйлеп, қала кәсіпорындарында көп жыл бойы аянбай еңбек еткен әйелдерге алғыс хаттар табыстады. Олардың адалдығы мен кәсібіне деген сүйіспеншілігі шын жүректен құрмет пен ризашылыққа лайық. Салтанатты марапаттау барысынан кейін іс-шара шағын мерекелік концертпен жалғасын тауып, жылы әрі әсерлі атмосферада өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/964180?lang=kk

Жауап қалдыру