Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Канаданың әскери атташесімен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Канаданың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі полковник Дуглас Н. Суинтонмен кездесті.
Тараптар өзара мүддені білдіретін Қазақстан-Канада әскери ынтымақтастығының бағыттарын талқылады.
Канаданың Қазақстандағы елшілігі жанындағы әскери атташе ретінде полковник Дуглас Н. Суинтон 2023 жылдың қазан айында аккредиттелді. Мәскеудегі Резиденцияның орналасқан жерін ескере отырып, бұл канадалық атташенің алғашқы сапары.
Шетелдік қонаққа ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/883657


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді