
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева ҚР Оқу-ағарту вице – министрі Жайық Серікқалиұлы Шарабасовтың төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Кеңеске өңірлердің білім басқармасының басшылары, “Самұрық-Қазына” өкілдері, білім саласында сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаменттердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептерді іске қосу және лицензиялау бойынша сұрақтар қарастырылды.
Кеңес соңында вице-министр білім басқармасының басшыларына және аумақтық департаменттердің басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1158544?lang=kk

Жауап қалдыру