Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицк ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсан № 37/15 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Троицк ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес тиісінше, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 173 217,3 мың теңге:
салық түсімдері – 5 726 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 616 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімдері – 166 614 мың теңге;
2) шығындар – 172 956 мың теңге;
3) Таза бюджеттік кредиттеу — 0 теңге:
бюджеттік кредиттер — 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу — 0 теңге;
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо — 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу — 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -261,3 теңге;
6) бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) – 261,3 теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 261,3 теңге:
Қарыздар түсімі — 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 0 теңге.
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 2025 жылы аудандық және облыстық бюджеттен пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстары көзделсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
- Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.
Жамбыл аудандық мәслихатының төрайымы Л. Топорова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-troitsk/press/news/details/1158613?lang=kk

Жауап қалдыру