АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттың мәжілісі өтті. Жиынға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен ауыл округінің әкімдері қатысты.
✔️Күн тәртібінде: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысы және елді мекендердегі санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарының жағдайы талқыланды.
✔️Алғашқы кезекте аудан әкімі аппаратының Заң бөлімінің басшысы Исмаил Исхаков сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен оның алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Осы бағытта аудан әкімі аппаратының ғимаратында арнайы бейнероликтер көрсетілетінін және әр айда мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу негізінде ауданға қарасты мемлекеттік мекеме қызметкерлернің қатысуымен Қазақстан Республикасының заңдылықтарын сақтау жөнінде арнайы жиын өткізілетінін жеткізді.
✔️Келесі кезекте аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін мәлімдеді. Бөлім басшысы осы мәселе бойынша жыл басынан бері екі рет жиын өткізілгенін айтты. Аудан мекемелеріндегі мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес арнайы өткізілетін онлайн семинарларға қатысып отыратынын атап өтті.
✔️Сондай-ақ мәжіліс барысында елді мекендердегі санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарының жағдайы талқыланды. Ауыл округтеріндегі санитарлық тазалық бойынша орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде тиісті басшыларға ескертулер жасалды.
✔️Аудан басшысы мәселелерді жеке-жеке талдап, осы бағыттағы жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізуді, қоғамдық саяси ахуал жөнінде белсенділермен жиі кездесу қажеттігін баса айтып өтті. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Мәжіліс соңында күн тәртібінен түспейтін санитарлық тазалық және абаттандыру-көгалдандыу жұмыстары пысықталды
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/964220?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді