
Бұл – Қонаев қалалық полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының криминалисі, полиция аға лейтенанты Серікбай Назерке Айдынқызының бір күні.
Таңғы бөлімшедегі саптық жиыннан басталады. Күнделікті тапсырмалар нақтыланып, жедел топ оқиға орнына шығуға дайын тұрады. Криминалист үшін әрбір шақырту – жауапкершілік пен мұқияттылықты талап ететін маңызды сәт.
Оқиға орнына келген сәттен бастап оның басты міндеті – қылмыстың ізін жоғалтпай, әрбір айғақты дәл әрі кәсіби түрде тіркеу. Фотоға түсіру, іздерді анықтау, айғақ заттарды алу, саусақ іздерін бекіту – барлығы заң талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Криминалистің жұмысы – көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерден шындықты табу. Бір ғана із, бір ғана дәлел қылмыстың бетін ашуға себеп болуы мүмкін.
Күн соңында жиналған материалдар сарапталып, құжаттар рәсімделеді. Әрбір хаттама – әділ тергеудің негізі.
Бұл мамандық батылдықты ғана емес, жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті талап етеді. Криминалист – үнсіз айғақтардың тілін сөйлететін маман.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1158720?lang=kk

Жауап қалдыру