
2026 жылғы 8 ақпанда шамамен сағат 23:50-де Семей қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 43 жастағы әйел адам LADA GRANTA автокөлігін басқарып келе жатып, Разин көшесімен Усть-Каменогорская көшесінен Найманбаев көшесі бағытына қарай қозғалған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, нәтижесінде автокөлік кюветке аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша материалдар белгіленген тәртіппен процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданатын болады.
Абай облысының полициясы ескертеді: түнгі уақытта және қысқы жол жағдайында жылдамдық режимін қатаң сақтау, күрт маневрлерден аулақ болу және қауіпсіз арақашықтықты сақтау аса маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1158790?lang=kk

Жауап қалдыру