
2025 жылғы 27 наурызда Жетісу облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Іс – шара барысында Комиссия төрағасы – облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті екенін еске салды.
Отырыста үш мәселе қаралды:
- Білім беру саласында атқарылған жұмыстар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралар туралы;
- Әлеуметтік қызметтер саласында атқарылған жұмыстар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралар туралы;
- Денсаулық сақтау саласындағы комплаенс-қызметтің атқарған жұмысы туралы.
Аталған салалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген мониторингтер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаулар шеңберінде зерттеу нысанасы болып табылды.
Білім беру саласы бойынша барлық колледждердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде: әкімшілік-басқару персоналына жоғары жалақы мен үстемеақы төлеуге жол бермеу, материалдық-техникалық базаны түгендеу жүргізу, үй-жайлар мен жер учаскелерін заңсыз жалға беру практикасын тоқтату тапсырылды.
Әлеуметтік қызметтер саласы бойынша қызметкерлерге әділетсіз сыйақы беру, лауазымдарды заңсыз біріктіру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметіндегі мүдделер қақтығысы практикасын тоқтату жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Денсаулық сақтау саласындағы комплаенс-қызметтердің қызметі бойынша барлық медициналық мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде: кредиторлық берешек болған кезде сыйлықақы беру практикасын тоқтату, басшылыққа жалақылар мен үстемеақылар мөлшерін негізсіз ұлғайтуға тыйым салу, облыстың медициналық мекемелерінің басшылығын ротациялау мәселелерін қарау, комплаенс-офицерлермен тиімді өзара іс-қимыл жасау тапсырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша облыстық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, аудандар мен қалалардың әкімдеріне қаралған салалар бойынша хаттамалық тапсырмалардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылауға алу тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/964294?lang=kk

Жауап қалдыру