Кент әкімін сайлауға келген ұлы отан соғысының ардагері алғаш болып таңдау жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің әкімі сайланады.
Науқанда 7376 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. 4 учаскелік комиссия жұмыс жасайды.
3 кандидат тіркелген, оның 2-і өзін өзі ұсынса, 1-і саяси партия атынан ұсынылған.
Заңға сәйкес, 07.00-де дауыс беру басталып, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушыларға бюллетень таратуды бастады.
Учаскеге келе алмайтын сайлаушылар түскі 12.00-ге дейін өтініш беру арқылы үйден дауыс беруге мүмкіндік алады.
Учаскеге алғаш келген дауыс берушілер өз таңдауын жасауда. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері – Яхия Тасыров. Майдангер әрбір науқанда ел бірлігін жоғары қойып, азаматтық үн қосуды сайлаудан бастайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1159052?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді