Жаңаарқа  аудандық  мәслихатының  учаскелік сайлау комиссияларының    құрамдарына  өзгеріс енгізу  туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына

 

Жаңаарқа  аудандық  мәслихатының  учаскелік сайлау комиссияларының    құрамдарына  өзгеріс енгізу  туралы

                                                  ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жаңаарқа  аудандық  мәслихаты  учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгеріс енгізілуі  туралы хабарлайды.

     Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

     Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап 26 қазанға  дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

     Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

     Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

     Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

      Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

      Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.  

     Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

     Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 11 ақпаннан  26  ақпанға дейін дүйсенбі – жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 00-ге дейін.

 

Жаңаарқа аудандық мәслихаттың мекен-жайы:

Қарағанды обл., Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 4.

Жаңаарқа  аудандық  мәслихат  төрағасы Бекқожин Юржан Асанұлы.

Материалдарды жинауға жауапты: Гүлден Қойшыбайқызы Қорабаева – аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, жұмыс тел.  2-65-74,  каб.13.  Эл.почта: maslihat-zhanaarka@mail.ru.

Жаңаарқа аудандық мәслихаты мынадай сайлау комиссияларын құрады:

1.Жаңаарқа  аудандық  аумақтық  сайлау  комиссиясы: Жаңаарқа кенті, Тәуелсіздік даңғылы,5.      

2.Учаскелік  сайлау  комиссиялары.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары келесі учаскелері бойынша:

   

 

 

Сайлау округінің

атауы мен нөмірі

Мекен-жайы

 

 

Орналасқан жері

    1

№ 83 сайлау учаскесі

Жаңаарқа  кенті,

Байдалы би көшесі 11/2

№1 мектеп-лицейінің ғимараты

    2

№ 84 сайлау учаскесі

Қызылжар кенті, Тәуелсіздік көшесі 27

Қызылжар кенті, мәдениет үйінің ғимараты.

    3

№ 88 сайлау учаскесі

Манадыр станциясы, Тың көшесі 58

№ 144 негізгі орта мектебінің ғимараты, Манадыр станциясы.

    4

№ 91 сайлау учаскесі

Ақтау ауылы, Жеңіс көшесі 5

жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты,

 Ақтау, Қылыш, Айшырақ ауылдары.

 

    5

№ 92 сайлау учаскесі

Бидайық ауылы, Жеңіс көшесі 15

Мәдениет үйінің ғимараты.

Бидайық, Қарамола ауылдары, № 69 тарауы.

 

   6

№ 93 сайлау учаскесі

Актайлақ ауылы, Ұландар көшесі 4

негізгі орта мектебінің ғимараты, Актайлақ ауылы.

 

 

 

 

  7

№ 99 сайлау учаскесі

 

Ынтымақ ауылы, Саябақ көшесі 15

 

Мәдениет үйі ғимараты

 

  8

№100 сайлау учаскесі

Түгіскен ауылы ауылы, Ы.Жұмабеков атындағы көшесі 49

Мәдениет үйі ғимараты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanaarka/press/news/details/1159094?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді