2026 жылдың 10 ақпан күні Департаментпен бекітілген тексеруді тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Түркістан қаласында орналасқан “Казпошта” АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалында жоспардан тыс тексеру жүргізіп, мекеме қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы мекеме қызметкерлеріне ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалуы бойынша еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына, жалақы қарыздары, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарына қатысты заңдылықтардың сақталуы, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, кәсіби тәуекелдерді бағалау мәселелеріне кеңінен тоқталып, түсіндірме беріп өтті.
Жауап қалдыру