Заң мен тәртіп: Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елордалық полицияға дипломатиялық өкілдіктерді қорғау бойынша семинар өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дипломатиялық өкілдіктерді қорғауға жауапты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің полиция полкінің жеке құрамы үшін семинар өткізілді. Іс-шара құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы практика саласындағы кәсіби дағдыларды жетілдіру мақсатында өтті.

Семинар барысында құқық қорғау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне бақылауды күшейту және адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Этика мәселелеріне, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс істеудегі ашықтық пен тиімділік қағидаттарына ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-astana/press/news/details/964339?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді