
Семей қаласының полиция қызметкерлері бопсалау дерегін тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары барысында 38 жастағы қала тұрғыны анықталды. Ол 2025 жылдың маусым айынан бастап 27 жастағы семейлік әйелден қорқытып-үркіту және күш қолдану арқылы 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған.
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Заңсыз иемденілген ақшаның бір бөлігі тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.
Аталған факті бойынша «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Абай облысының полициясы ескертеді: қорқыту, қысым көрсету немесе өзге де заңға қайшы әрекеттер орын алған жағдайда, дереу ішкі істер органдарына жүгіну қажет. Уақытылы хабарлау қылмыстың алдын алуға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1159315?lang=kk

Жауап қалдыру