
Кенжесариева Динара Ораловна 1993 жылы 27 маусымда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 2000–2011 жылдар аралығында Арал қаласындағы №64 қазақ орта мектебін «Алтын белгімен» аяқтаған.
2011–2016 жылдары Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін «Медико-профилактикалық іс» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылғы 6 қыркүйекте Бөрлі аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында жетекші маман ретінде бастаған.
2017 жылы бас маман лауазымына ауысты.
2022–2024 жылдар аралығында Бөрлі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Бөрлі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас маман қызметін атқарып келеді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін Бөрлі аудандық мәслихат депутаттарының Алғыс хатымен, Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1159463?lang=kk

Жауап қалдыру