Есім Шайкенұлы Шайкиннің туғанына 100 жыл толуына орай бүгін ағымдағы жылдың 9- ақпанында мектебімізде салтанатты жиын өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шал ақын ауданының тарихында өшпес із қалдырған Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері, көрнекті перзенті, еңбек адамы, туған жеріне адал қызмет етудің жарқын бейнесіне  айналған Есім Шайкенұлы Шайкиннің туғанына 100 жыл толуына орай бүгін ағымдағы жылдың 9- ақпанында мектебімізде  салтанатты жиын өткізілді. Бұл мерейтой – өз өмірін адал еңбекке, ел игілігіне арнаған тұлғаның өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі етуге бағытталған маңызды шара болды.Бүгінгі күн 30-жұлдызды күнге созылатын іс шаралардың бастамасы болып келеді.

Салтанатты жиында Шал ақыны Ақсақалдар кеңесінің  төрағасы Оразалин Тұрар Сейтжанұлы  қадірлі қонағы болды.Ол  Е.Ш Шайкиннің өмір жолы мен қоғамдық қызметін, адамгершілік қасиеттері мен елге сіңірген еңбегін кеңінен дәріптеді. Мектеп – лицей директоры Билялова Нагима Жакотовна тұлғаның еңбекқорлығы, жауапкершілігі мен отансүйгіштігі болашақ ұрпақ үшін қашанда құндылығын жоғалтпайтынын атап өтті.

Шара барысында оқушылар мен ұстаздар тарапынан әдеби-сазды композициялар ұсынылып, тарихи деректер мен естеліктер арқылы Есім Шайкиннің жарқын бейнесі жаңғыртылды. Бұл жиын қатысушыларға терең ой салып, рухани тағылым берді.

Ел есінде қалған елеулі тұлғалардың өмірін ұлықтау – өткенге тағзым, келешекке аманат. Есім Шайкиннің өнегелі өмір жолы ұрпақ санасында мәңгі сақталары сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1159544?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді